Қазақстан халқының саны қанша?

Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті

ашық дереккөзі

Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 19 899 377 адамның 12 317 671-сі – қалада, 7 581 706-сы ауылда тұрады.

Халықтың жалпы санының 48,8%-ы – ерлер, 51,2%-ы – әйелдер.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы – ұл, 91,5 мыңы – қыз.

Туу көрсеткіші жоғары өңірлер: Маңғыстау мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.

Бірінші жартыжылдықта елімізде 63,6 мың адам қайтыс болған. Жарты жылдағы халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Аталып өткендей, бұл жағдай осы өңірлерде қариялардың көп болуымен байланысты.

Loading...