Заманауи спорт кешенінде спорт залы, жабық футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ бөлмелері қарастырылған. Кәсіпкер биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Төлеби ауданында спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Осы бағытта биыл ауданда 6 кіші футбол алаңшалары салынды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бірінші Мамыр елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Көксәйек елді мекенінде заманауи спорт кешені салынуда.
Жалпы аудан аумағында 400 спорттық нысандар жұмыс істейді. Атап айтсақ, 68 спорт зал, 294 спорттық алаңдар, 1 стадион, 2 жүзу бассейні.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі