Жеті баланың тәрбиесімен бірге кәсіпкерлікті қатар алып жүрген Гүлшат кәдесый дайындап көпке үлгі көрсетіп жүр, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Кәсіпкер 2022 жылы «Бастау- Бизнес» жобасына қатысып, ерекше бизнес жобасымен қайтарымсыз грант ұтып алған. Бүгінде ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында қазақы нақышта, заманауи үлгіде кәдесыйдың мыңнан аса түрін жасап, тұтынушыларға ұсынуда.
- Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Соның бірі қайтарымсыз гранттар. Бұл іс бастаймын деп ниеттенгендер үшін үлкен қолдау. Қазіргі таңда жұмыс барысында балаларым көмектеседі. Отбасымызбен бірлесіп жасап, күніне 100-ге жуық кәдесый дайындаймыз. Қазақы нақышта дайындалған өнімге қызығып, тапсырыс берушілер қатары көп,- дейді кәсіпкер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі