Турдың алғашқы күнінде Шолаққорған ауылынан келген балалар Кентау трансформатор зауыты, Ұлы Дала музейі мен «Farab» кітапханаларын аралайды. Экскурсия барысында оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі туралы ақпараттар берілуде, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Тур - оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған. Балалармен бірге жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
Жоба аясында Түркістан облысындағы 5 ауыл, яғни Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы және Ынтымақ ауылдарынан жалпы саны 150 бала қатысады. Оқушыларға арналған экскурсия 13-17 қараша аралығында жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі