Президент бастамалары оң нәтижесін беріп жатыр

Біздің мақсатымыз айқын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Біз тәуелсіз, реформалары орныққан дамушы елміз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында атап көрсеткендей, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты бағытты ұстанатын, алға қарай даму жолындағы мемлекетпіз. Соңғы жылдары елімізде болған саяси өзгерістер, атап айтқанда, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, және ауылдық округтегі әкімдер сайлауы және тағы басқа өзгерістер «Жаңа Қазақстанды» бірге құру жолындағы нақты қадамдар.


Жалпы, ел болашағы – мықты басшы, бірлігі бекем халық, жігерлі жас, білімді ұрпақтың қолында, мемлекет дамуы орныққан реформа арқылы жүзеге асатыны сөзсіз. Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту, өмір сапасын мен табысын арттыру.


Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алып, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті. «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы «еститін» болды. Аудан әкімдері бұрын халық алдында жылына 1 ақ рет есеп беретін болса, қазір тоқсан сайын есеп беріп, облыс әкімдері жарты жыл сайын халық алдына шығып, әрбір халықтың айтқан сөз-пікірінің орындалуы қандай деңгейде екенін негізгі бағытқа алды.


Рамилия МУСТАФАЕВА,
Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Loading...