Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Боран басталғаннан күннен бастап Түркістан облысының құтқарушылары жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы жас балалар.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында алыс жолдарға шықпауға шақырады. Жолдардың жай-күйі туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады. Қар құрсауында жолда қалып қойған азаматтар 8-725-33-5-78-97, 102 жедел желілеріне хабарласу керек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі