Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті

Айта кетейік, актер биыл бесінші рет ауруханаға жатып, емделіп жатқанын  айтқан еді.

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден өтті, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Менің жүрегімді уайымдап жүргенде, өзінің жүрегі тоқтады. Қайран, әкем! Өмірден өте жақсы адам боп өттің, - деп жазды актер.

Сонымен қатар, Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жұбайы Айгүл Иманбаева да көңіл айтты.

Бүгін Асылжанымның атасы Әбдімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, әке! Соңғы кездесуіміз екен, - деп жазды әнші.

Loading...