Түркістан облысында 10 жасар бала бауырын өлімнен арашалап қалды

Қазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен аман алып қалды.

Қазығұрттық 10 жасар Нұрали Өскенбай өз бауырын өлімнен аман алып қалды. Оқиға жуырда Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округі Жылыбұлақ елді мекенінде орын алған. 2022 жылы туған Нұрмұхаммед Өскенбай үйінің ауласында ойнап жүріп әжетхана ойығына түсіп кеткен, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.

Болған жағдайды дер кезінде байқаған анасы Айзада Сарман 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырады. Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын құтқарып, өлімнен арашалап қалған. 


Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4 сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады. 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Loading...