Бүгін El.kz ақпарат агенттігі солардың ішінде 30 жасқа дейін толағай табысқа жетіп, әлі де алар асуы биік жастарымыздың тізімін жасады, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Димаш Құдайберген (Dimash), 29 жаста
Ақтөбе қаласында туған өнер иесінің дауысына таңғалмайтын жан жоқ. Бүгінде Димаш әлемнің үздіктерімен дуэт жазып, танымал шоуларға қонақ немесе әділқазы мүшесі ретінде шақырылып жүр. Қанат пен Света Айтбаевтардың отбасында дүниеге келген Димаш өзін композитор ретінде де мойындатып үлгерді.
Иманбек Зейкенов (Imanbek), 23 жаста
Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген Иманбек 2021 жылы Grammy сыйлығын иеленді. Ол – мұндай марапатқа ие болған ТМД-дағы алғашқы өнер иесі. Диджей әрі музыкалық продюсер ретінде танылған Иманбек әлем жұлдыздарымен ән жазып жүр.
Елена Рыбакина, 24 жаста
Теннистен «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы, Мәскеуде туғанымен, 2018 жылдан бері Қазақстан азаматы. Биыл WTA рейтингінде 3-орынға дейін көтеріліп, өзіндік рекорд орнатты. Ал қазір бұл тізімде ол төртінші орында келеді.
Жәнібек Әлімханұлы, «Qazaq Style», 30 жаста
Алматы облысында туған Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокста әлем чемпионы атанып, кейіннен кәсіпқой боксқа бет бұрды. Орта салмақта WBO чемпионы атанған. Ал биылғы қазан айында неміс Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) жеңіп, оның IBF белдігін тартып алды.
Шавкат Рахмонов, 29 жаста
Өзбекстанның Шүрші қаласында туған Шавкат бүгінде жартылай орта салмақта UFC рейтингінде үшінші сатыда тұр. 17 желтоқсан күні ол америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңді. Осылайша оның танымалдылығы күн санап артып келеді. Аралас жекпе-жек шебері октагонға келесі жылдың жазында оралады деген болжам бар.
Бахтиер Зайнутдинов, 25 жаста
Тараз қаласының тумасы – отандық футболдың басты жұлдыздарының бірі. Бұған дейін Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсеткен Зайнутдинов жазда Түркияның «Бешикташ» клубының қатарын толықтырды. Отандасымыздың алаңдағы ойыны түркиялықтардың да көңілінен шығып үлгерді.
Жансая Әбдімәлік, 23 жаста
Шахматтан халықаралық гроссмейтестер биыл шаңырақ көтергенімен, сүйікті спортынан қол үзген жоқ. Алматы қаласының тумасының шахмат академиясы да бар. Биылғы Азия ойындарында командалық есепте қола жүлдегер атанды.
Бибісара Асаубаева, 19 жаста
Әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер атанған Бибісараның шахмат әлемінде өзіндік орны барын дәлелдеп үлгерген. Екі жыл қатарынан блицтен өткен әлем чемпионатында топ жарды. Азия ойындарында командалық есепте үздік үштікке енді.
Сурет: gov.kz
Нұралы Әліп, 24 жаста
Футболшы Нұралы Әліптің еліміздегі ең мықты қорғаушылардың бірі екені даусыз. Оның Ресейдің «Зенит» клубының беткеұстар ойыншысы атануы да бекер емес.