"17 жасар қызға үйлендім". Мейрамбек Беспаев қандай күйеу бала екенін айтты

Әнші өзінің жары туралы айтып берді

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев “Ұйқым келмейді” бағдарламасында отбасын құрғанына 20 жыл толатынын айтты, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл отбасы құрғанымызға 20 жыл толады. Мархабат мені таныған жоқ. Орысша сөйлеп, орысша тәрбиеленген екен. Үйленгеннен кейін қазақша сөйлеп, қазақы ортағы сіңіп кетті. 18 жасқа толғанын күтіп, шаңырақ көтердік. Жастық кезең ешқашан ұмытылмайды. Үйленетін күні ұшып келдім Астанадан. 2004 жыл, 8 шілде – үйленген күніміз. Ол кезде тойға үлгермей қаламын деген ой жоқ. Той-томалық, концерттерден қалмаймыз. Бір күнге бас тарту да ойға келмепті. Енем менің қызына деген сезіміме сенбеген. “Қызымның жасы 17-де, алайын деп тұрған адамы – әртіс. Тойы болатын уақытта ұшып-қонып жүр. Сенім артуға болатын дұрыс адам ба?” деп сұрапты. Қазір енемнің сүйікті күйеу баласымын. Мархабатқа да ризамын, – дейді әнші. 

Сондай-ақ, әнші жұбайы Мархабат екеуі 16 жасар Кәусар мен 2 жастағы Абухайырды тәрбиелеп отырғанын атап өтті. 

Loading...