«Кешірші мені»: қалыңдық той кезінде тұрмысқа шығудан бас тартты

Бұндайды ешкім күтпеді

Әлеуметтік желіде қалыңдықтың той кезінде тұрмысқа шығудан бас тартқан сәтінің видеосы тарады, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Тойдағы ыңғайсыз сәт. Қалыңдық «жоқ!» деді, - делінген видеоның жазбасында.

Кадрдан да қалыңдықтың «жоқ» деп жауап қатып, жігіттен кешірім сұрағанын көруге болады.

Кешірші мені, өтініш, бірақ шыға алмаймын, - деді бойжеткен.

Видеоға қатысты оқырман да пікір білдіріп жатыр.

«Той қызық болған сияқты ғой», «Онда тойға дейін күтіп несі бар?», «Бұл жеке шаруалары ғой, неге желіге салған», - деп жазып жатыр.

Loading...