Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалауымен осы саланы дамыту бойынша бірқатар маңызды іс жүзеге асты.
Өңірде ветеринариялық мамандардың жалақысы 35 – 40 % көтерілді. Төрт түлік малға 16 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарланған 30,3 млн. доза вакцина егу жоспарланып, 11 айда 29,0 млн. доза вакцина егілді, яғни жоспардың (96%) орындалды, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
– Бруцеллез ауруына қарсы 1 178,0 мың ірі қара және 4 045,0 мың бас уақ малдардан қан сынамасын алу жоспарланып, 11 айда 1 163,4 мың бас ірі қарадан және 4 005,9 мың бас уақ малдардан қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаларда тексерілді. Нәтижесінде 138 бас ірі қара, 314 бас ұсақ малдар ауруға «оң» нәтиже көрсетіп, ауруға «оң» нәтиже көрсеткен малдар 15 күн ішінде арнайы мал сою орындарында сойылып, өңделуде. Сібір жарасын залалсыздандыратын орындарға жергілікті бюджеттен 25,9 млн. теңге бөлініп, бөлінген қаржыға 317 ошақ арнайы ертінділермен залалсыздандырылып, 61 ошақ бетонмен қоршалып, белгілері орнатылды, – дейді облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.
Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға жоспарланған 51,8 мың бас қаңғыбас ит, мысықтардың 51,2 мың басы ауланып, жойылды.
Қолданыстағы Ережелерді сақтамай үй жануарларын қараусыз жібергені үшін 485 адамға «Әкімшілік құқық бұзушылық» заңын басшылыққа ала отырып, 6 185,0 мың теңге айыппұл салынды. Биыл құтыру ауруына қарсы 210,1 мың доза вакцина «брикет» жеткізіліп, жабайы аңдар мекендейтін орындарға тасталынды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, үй жануарларын есепке алу «Таңба» дерекқор базасына иелері бар үй жануарларын тіркеуге қою жұмыстары басталып, 4825 ит-мысық чиптеліп, «Таңба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынды.
Жергілікті бюджеттен энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға 410,3 млн. теңге, іс-шараларды атқаруға 482,6 млн. теңге бөлінді.
Бұл іс-шараларды атқаруға кәсіпорыннан 1552 қызметкерлер жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілді (1552 дана арнайы киім, резенке етік, 9312 дана респиратор, 3104 дана көзілдірік, 7 760 дана қолғап), сондай-ақ, 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөліктерімен, 17 дана ранцтік аппарат, 17 дана мотопомпалармен қамтылды.
Екі кезеңінде 3 056,5 мың бас ірі малды бүрку және 9 773,7 мың бас ұсақ малды тоғыту жұмыстары атқарылып, 98 343,0 мың ш/м (74 156,7) қоражай мен жапсарлас аумақ, суаттар, бұталар залалсыздандырылды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі мен басқарма және аудан, қала әкімдері арасында үшжақты келісімшарт түзіліп, 2023-2024 жылдары аудан, қалаларға қажетті ветеринариялық нысандарды бюджет немесе кәсіпкер есебінен салу тапсырмасы беріліп, бекітілді. Нәтижесінде 2023 жылы аудан, қалаларда 6 дана «Беккари» шұңқыры, 7 дана ұсақ мал тоғытатын ванналар салынып, қолданысқа берілді.