Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, экономиканың бақыланбайтын секторын қосқанда компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ сектордағы консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі 476,8 млрд теңге болды — былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ақшалай бірден 56,4% көп. ФКИ 137,2% (яғни сектордағы қызмет көлемінің нақты өсімі 37,2%), деп хабарлайды Turkistan-Digest.kz.
Экономиканың бақыланбайтын секторын қоспағанда, сектордағы қызмет көлемі 473,1 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 55,1% болды.
Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш бір жыл ішінде құндық мәнде 52,9% артып, 304,9 млрд теңге болды. Жалпы, сектордағы өсім 2016 жылдан бері байқалады.
Республика бойынша сектордағы барлық қызметтердің 90,4%-ы тек негізгі мегаполистер — Алматы мен Астанада көрсетілген. Алматыда бұл көрсеткіш 215,4 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан 28,2% артық. Елордада компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ консульациялық және басқа да ілеспе қызметтер көлемі бір жыл бұрын 108,5 млрд теңге болса, биыл 2 есеге жуық өсіп, 212,1 млрд теңгеге жетті.
Батыс Қазақстан облысы мегаполистерден үлкен алшақтықпен үшінші орында: бір жыл бұрын 1,6 млрд теңге болса, биыл 7,1 млрд теңге.
Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау, Түркістан және Жетісу облыстарында тіркелді.
Саладағы қызме құрылымында ең үлкен көлем бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге тиесілі: 278,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім 2,2 есе.
Ең көп сұранысқа ие болғандардың қатарында бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау қызметтері (34,2 млрд теңге) және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызмет (29,2 млрд теңге) болды.
Сонымен қатар, ҚР-да жоғары оқу орындарының IT факультеттеріндегі студенттер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми ресурсы. Заманауи IT мектептер инновациялық экономиканы құру үшін қажетті кадрлық базаны толықтырады. Сондай-ақ мұндай мектептерді еліміздің өңірлері бойынша тарату саясаты жүзеге асырылуда.