Әнші Алтынай Жорабаева бесінші рет қызды болып, ерекше есім берді, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс, - деп жазды әнші.