Бишімбаевтың туыстары Салтанат Нүкенованы ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан

Бұл туралы Айтбек «Гиперборей» YouTube-арнасында айтылды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қайтыс болды деген Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сұхбат берді, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айтбек «Гиперборей» YouTube-арнасына берген сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаевтың мәлімдесіне қатысты пікір білдіріп және олардың Салтанатты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқанын айтты.

Осыдан біраз уақыт бұрын бұрынғы депутат Уәлихан Бишімбаев блогерлер мен БАҚ өкілдері ұлына жала жапқанын алға тартып, тергеу ісіне қысым көрсетілгенін мәлімдеген.

Бұл мәлімдеме күлкімді келтірді: ұлының адам өлтіргенін жазған БАҚ өкілдері мен блогерлерді айыптау деген не деген сұмдық. Бұл біз көтергендіктен ғана емес, онсыз да қоғамдық резонанс тудырған оқиға болды, - деді марқұмның ағасы.

Айтбек Амангелдінің сөзіне қарағанда, Уәлихан Бишімбаев сөзін көңіл айтумен бастағанымен, кейіннен Нүкенованың туыстарын айыптауға көшкен.

Бізге де жала жапты, тергеуді сатып алды деп айыптады, - деді Айтбек.

Сонымен қатар Бишімбаевтың туыстары Салтанат Нүкенованы ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан.

Бишімбаевтар келгенін адамдардан естідік. Олардың кіруіне қарсы болдым. Бірақ мүрдені шығаруға жарты сағат қалып еді, сондықтан үлкендер жағы айқай-шу шығармауды тапсырды. Бишімбаевтың анасы мен әкесі келді, - деді Салтанаттың ағасы.

Loading...