Бұл іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат қазақтың ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Қаратаудың баурайында кең көлемде өткен дүбірлі доданы арнайы Украинадан «Орел и решка» бағдарламасы түсірілім тобымен келіп, жан-жақты бейнетаспаға түсірді. Осы орайда ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан саятшылық, құмай тазы, көкпар додасын бүкіләлемге таныту үшін тележоба әзірленді.
Енді аталмыш бағдарлама Қазақстанның барлық аймағындағы көрікті жерлерді түсіріп, туризм саласының дамуына мол үлес қоспақ.