Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов марапаттарын архивке тапсыратын болды, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы баспасөз қызметі таратқан мәліметте Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптарын, ордендерін, төсбелгілері мен басқа да жеке заттарын ресми түрде Мемлекеттік архивке тапсыратыны айтылды.