Түрікменстанның президенті де кітап шығарыпты: Румыниядағы елшілікте тұсаукесері өтті

Румынияда Сердар Бердімұхамедовтың кітабының тұсаукесері өтті

Фото: centralasia.com

Түрікменстанның Румыниядағы Елшілігінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың "Жастар – Отан тірегі" кітабының тұсаукесері өтті,-деп хабарлайды Turkistan-digest.kz сайты Turkmenportal.com сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға елшілік өкілдері, Румынияда оқитын түрікмен студенттері қатысыпты.

 Өз сөзінде Түрікменстанның Румыниядағы елшісі Аннамаммет Аннаев Президенттің кітабы Түркіменстанның жастар саясатының жетістіктерін, сондай-ақ мемлекет өмірінің әртүрлі салаларындағы жас ұрпақтың рөлі мен жоғары көрсеткіштерін қамтитынын айтқан.

Сондай-ақ, дипломат Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Тұрақты Кеңесінің 39-шы отырысында оның қатысушылары түрікмен тарапының 2024 жылды "Түркі әлемінің ұлы ақыны және ойшылы – Махтумкули Фраги жылы" және ежелгі Түрікмен қаласы Анау – Түркі әлемінің 2024 жылға арналған мәдени астанасы деп жариялау туралы ұсынысын бірауыздан қолдағанын хабарлады.
Соңында түрікмен елшісі Махтумкули Фраганың шығармашылығы әлемде кеңінен танымал екенін, оның өлеңдері әлемнің ондаған тілдеріне, соның ішінде румын тіліне аударылатынын атап өтіпті.

Loading...