Түркістан: Кентаулық көпбалалы ана «Ауыл аманаты» жобасымен кондитерлік цех ашқан

Бұл салада келе жатқанына 10 жылдан асқан

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Муаттар Азизова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, кондитерлік цех ашқан. Кәсіпкер  7 млн. 700 мың теңге көлемінде несие алып, кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған құрал-жабдықтарын сатып алған, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.


Оның айтуынша, кондитер цехын іске қосқалы сұраныс артқан. Алдағы уақытта отбасылық кәсібіне наубайхана жұмысын да іске қосуды жоспарлап отыр.
Қазір күніне 15 келідей бәліш түрлерін, 150-200 самса, тапсырысқа орай түрлі тәтті тоқаштар пісіреді. Жасаған өнімдері ауыл тұрғындарынан-ақ артылмайды. Негізгі мамандығы  журналист Муаттар Азизова бұл салада 15 жылдай қызмет етіп, кәсіпкерлікке бет бұрған. Отбасында үлгілі келін, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Loading...