Досжан Исабек мәслихат отырысында Астанадағы атауы жоқ және жаңадан салынған көшелерге танымал тұлғалар мен жер-су атаулары берілетінін айтты,- деп хабарлайды turkistan-digest.kz.
Астананың мәслихат депутаттары жаңа көше атауларын бірауыздан қолдады.
«2023 жылы тамызда мәслихат сессиясында қаладағы кейбір көшелерге тұлғалар және жер-су атауларын беру туралы ұсынысты қолдаған боласыздар. Аталған ұсыныстар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданып, биыл 24 қаңтарда оң шешімін тапты», - деді Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек.
Аталған тұлғалар мен жер-су атаулары Мәдениет және ақпарат министрлігінің ономастика комиссиясы қолдануға ұсынылған тізімдер қатарында бар.
Сонымен қатар елордамыздың көшелеріне берілетін тізімді айтып шықты.
Алматы ауданы бойынша:
Оралхан Бөкей – белгілі жазушы, драматург, журналист ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Сырбай Мәуленов – ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Әмен Қайдаров – қазақ мультификация өнерінің негізін қалаушы, суретші, кино режиссер, профессор;
Бұйрақ – Ақтөбе облысындағы шатқал атауы;
Ақтекше – Жетісу облысындағы елді мекен атауы;
Кендірлі – Каспий теңізінің оңтүстік шығысындағы шығанақ атауы;
Кеңсаз – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы өзен атауы;
Қарашығанақ – Батыс Қазақстан облысындағы елді мекен атауы, Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орны атауы;
Қимасар – Алматы таулары шатқалы атауы;
Қойтас – Орталық Қазақстандағы тау атауы;
Тасөткел – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл облыстарындағы елді мекен атаулары;
Маймекен – Шығыс Қазақстан облысындағы өзен атауы;
Мұзафар Әлімбаев – ақын, аудармашы және әдебиеттанушы.
Байқоңыр ауданы бойынша:
Журналистер саябағы – Егемен Қазақстан көшесінің бойында орналасқан саябақ;
Есіл ауданы бойынша:
Нұрлан Балғымбаев – ҚР Мемлекеттік қайраткері, ҚР бұрынғы Премьер-Министрі;
Шұбартау – Шығыс Қазақстан облысындағы елді мекен атауы;
Нұра ауданы бойынша:
Тәттімбет – күйші, композитор, домбырашы, шертпе күй мектебінің негізін қалаушылардың бірі;
Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы.