“Қыз балаға көп шектеу қоямыз” Данияр Жігітбек қоғам дертін айтты

Қыздарды бізде неге шеттетеді?

Скрин: Narikbi live

Kitapal компаниясының жетекшісі Данияр Жігітбек Narikbi live ютуб-арнасындағы подкастта біздің еліміздегі қыз бала тәрбиесі туралы айтты,-деп хабарлайды turkistan-digest.kz.

Айтуынша, қоғам қыз баланы көп жерде шеттетіп, шектен тыс жауапкершілік артып қояды екен.

“Қыз баланы шеттету бізде мына түсініктен келген секілді. Ұл баланы аялау керек. Ол - ұрпақ жалғастырушы, қатты ұрмау керек. Осыған тиіспейікші, аман жүрсінші,- деген арғы миымызды ой болатын сияқты. Ол артынша, ұл баланы көп еркелетуге әкелетін сияқты. Ал қызға көбірек жауапкершілік артады. “Сен қызсың ғой, сен таза жүруің керексің ғой” деп тәрбиелейді. Нәтижесінде, жалқау, диванда жата беретін ер адам қалыптасады және гипер жауапкершілік артып алған қыз пайда болады. Негізі керісінше болуы керек еді ғой. Яғни, қызды көбірек еркелетіп, ұлға көбірек жауапкершілік арту керек еді. Бізде соның салдарынан қоғамда көп жағдай болды. Қыз зардап шегіп жатса да, жігітті жақтайды. “Қыз үндемеуі керек еді, тілінен тапты” дейді де, ұлды жақтау позициясына өтіп кетеді”,- деді Данияр Жігітбек.

Қыз балаға артылған жауапкершілік мектеп кезден басталатынын мысал етті.

“Мектепте ұл балаларға киімі қыртыс, лас болып жүруіне болады да, қыз балаларға “жоқ сен қызсың, тәртіпті болуың керек” деп жауапкершілікті артып тастайды. Содан біздің қоғам нәзік жандарымызды кей жерде шектеп тастағанын көреміз”,-деді Данияр Жігітбек.

 

Loading...