"Жас баланы айналдырып алдым". Мадина Сәдуақасова ел күтпеген жаңалығын бөлісті

Әнші осыдан 10 жыл бұрын 34 жасында тұрмысқа шыққан.

Мадина Сәдуақасова тұрмысқа шыққанына 10 жыл толғанын атап өтті, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2 ақпан 2014 жылы мен бірден "қартайдым", "жас баланың басын айналдырғыш"-қа айналдым. Өйткені, "өзімнің теңіме шықпадым". Сол кезде өзім жайлы өмірімде бірінші рет ең көп жаман сөздер естідім. 10 жыл өтті. "Қандай жарасымды жұп", "Енді тойға неге Олжаспен бармайды", "Неге күйеуін инстаға салмайды"...Уақыт-ай! Тез ақ өтіп кетеді екен ғой. Құтты болсын 10 жылдық, - деп жазды өнер иесі.

Loading...