Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларға шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды, деп Turkistan-digest.kz хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада подъездердің бірінде ер адамның алдымен бір баланы бетінен ұрып, екіншісін теуіп, тағы біреуін қылқындырып жатқаны көрсетілген.
Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.