Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметіне қайта тағайындалды

Қорғаныс министрі қайта сайланды

Фото: gov.kz

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Turkistan-digest.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ол 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.

И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987 жыл).

М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996 жыл).

Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстары (2004 жыл).

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Әскери атағы: генерал-полковник (2022 жыл).

Меңгерген тілдері: қазақ, орыс.

Наградалары: І дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі Даңқ ордені, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің ордені және Қазақстан Республикасы, КСРО және ТМД медальдары.

 

Loading...