Кәсібін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 8 млн теңге несие алған. Шаруа алғашында 15 соттық жерін өз қаражатымен дайындаған. Бүгінде қызанақтары түйіндеп, бір-екі айда өнім бермек, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Бүгінде ауылдық жерде кәсіп бастаған тұрғындар қатары артып келеді. Қазір «Ауыл аманаты» жобасымен өңдеу саласына қатысты жобаларға және өсімдік шаруашылығын дамыту ісіне қаржылық қолдау алуға болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау мен мал шаруашылығын дамыту салаларына да қолдау бар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі