Қазақстандық боксшы Ерасыл Таңқай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа кубогінде" 1/8 финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Turkistan-digest.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Ерасыл жергілікті Красимиру Джуровпен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Оразбек Асылқұлов 57 келіде украиналық Владислав Стасьтен басым түсіп, ширек финалға өткен еді.