Түркістан: “Конгресс холл” кешенінде үйірмелер ашылды

Түркістан қаласындағы “Конгресс Холл” көпсалалы кешенінде балалар мен ересектерге арналған үйірмелер ашылды.

Атап айтқанда, “Вокал”, “Мүсін және керамика”, “Би”, “Домбыра”, “Бейнелеу”, “Фитнес” сынды үйірмелер бар. Олар шығармашылық қабілетті жандандыруға, ұлттық қолөнер мен құндылықтарды насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.


Мекеме басшысы Асқар Кенехан БАҚ өкілдеріне жаңадан қолға алынған тың жобалармен қатар мәдениет ошағының алдағы жоспарларымен таныстырды. Ән-жыр кештері мен мәдени шаралардан бөлек, кешен келешекте мәдениеттің сан-саласын қамтыған бірегей орталыққа айналмақ. Қалам иелері саздан құмыра жасап, қылқаламмен сурет те салды. Шара соңында мекеме атынан арнайы сертификаттар табысталды.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Loading...