Қарағанды облысында 18 сағат бойы боранда адасып жүрген әйел мен жеті жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды turkistan-digest.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық ТЖД әлеуметтік желідегі ресми парақшасында түнде Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында белгісіз бағытқа кеткен 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған баланы іздегенін мәлімдеді.
Олар үйінен 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында шығып кеткен. Бүгін таңда іздестіру тобы жоғалып кеткен әйел мен баланы Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден тапты.
Құтқарылғандар Ақтоғай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. ТЖД өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты үйден шықпауға кеңес береді.