Бұл жайында ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Turkistan-Digest.kz.
Ол биыл аталған саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 3 млрд. 973 млн. теңгеге жеткіндігін айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Сонымен қатар, биыл 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2 057 гектарға көбейген.
Айта кетерлігі, 44 080 гектар жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Ал, аудан бойынша жылыжай өсіруді 12 гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі таңда бұл меже 100%-ға толық орындалған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі