Астанада осы аптада 36 градусқа дейін аяз болады

Аяз қашанға дейін созылады?

Синоптиктер осы аптада елордада ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп Turkistan-digest.kz хабарлады Elorda.info.  сайтына сілтеме жасап.

12 ақпанда Астанада күн бұлтты болады. Орташа ауа температурасы 19 градус шамасында, күндіз -14, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы  8,9 м/с.

13 ақпанда күн ашық болады, сынап бағанасы орташа 12 градус суықтықты көрсетеді. Ауа температурасы 8-22 градусқа дейін төмендейді. 

14 ақпан қар жауады, орташа температура 2 градус. Күндіз ауа температурасы 0-ге дейін көтеріледі, түнде -7 градус аяз болады деп болжанған. Желдің жылдамдығы 10,3 м/с. жетеді. 

15 ақпанда елордада қар жауады. Орташа ауа температурасы -15 градус, түнде -20 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді. Желдің жылдамдығы 10,2 м/с. 

16 ақпанда да қар жауады, орташа температура -28 градус. Күндіз -22, түнде -31 градусқа дейін аяз болады. Желдің екпіні 7,1 м/с. құрайды. 

17 ақпанда күн бұлтты болады, орташа ауа температурасы -29 градус, күндіз -23, түнде -36 градус аяз болады. Желдің жылдамдығы – 5,2 м/с. 

18 ақпанда да күн алабұлтты болады, орташа ауа температурасы -25 градус, түнде – 32 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,0 м/с. құрайды.  

Loading...