Талдықорғанда жаңа босанған екі әйелдің өлімі тіркелді

Тергеу жұмыстары басталды

Фото: pixabay.com

Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа босанған екі әйелдің өліміне қатысты қызметтік тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды turkistan-digest.kz порталы EL.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы жыл басынан бері Жетісу өңірінде «Облыстық перинаталдық орталық» МКК базасында екі рет ана өлімі тіркелгенін мәлімдеді.

Ведомстводағылар ДСМ-ның «Патологоанатомиялық диагностикамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының 125-бабына сәйкес патологоанатомиялық ашу кез келген жағдайда ана қайтыс болғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілетінін айтты.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары мен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Loading...