Қазақстан Азия чемпионатында жүзуден күміс медаль ұтып алды

Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы күміс жүлдесі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Филиппин мемлекетінде су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өттуде. Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасы 4х100 метрге еркін жүзу эстафетасында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkistan-digest.kz

Бұл – осы бағдарлама бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының Азия чемпионаттары тарихындағы алғашқы күміс жүлдесі. Команда құрамында Түркістан облысының мақтаныштары – Аделаида Пчелинцева мен София Сподаренко жасындай жарқырады.

Сонымен бірге ұлттық құрама сапында қарағандылық Ксения Игнатова мен ақтөбелік Диана Тасжанова да болды. Қазақстанның 4 аруы ел мерейін асқақтатты.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапындағы түркістандық арулар –Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.

Loading...