Жуырда Ақтөбе қаласында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды turkistan-digest.kz
Еліміздің 20 өңірінен мықты балуандар жиналып, боз кілем төрінде тартысқа толы белдесулер өткізді. Қазақ күресінен өткен жастар арасындағы ел біріншілігінде Түркістан облысының сайыпқырандары толағай табысқа жетті. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар.
Нәтижелі өнер көрсеткен түркістандық балуандар командалық 3-орынды иемденіп, өңір мерейін үстем етті.