Сауранда "Ауыл аманаты" жобасымен 200-ге жуық жоба қаржыландырылған

191 жоба 1 млрд 267 млн.теңгеге қаржыландырылған

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сауран ауданында ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған «Ауыл  аманаты» пилоттық  жобасымен 191 жоба 1 млрд 267 млн.теңгеге қаржыландырылған. Бұл жайында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды turkistan-digest.kz
Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 1 945 гектарға артқан. Бұдан бөлек, 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі – 30,5 млрд. теңгеге жеткен. 

- Ауданда 56 тарихи-мәдени нысан бар. Олардың ішінде туристер қызығушылық танытып, жиі келетін Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата кесенелері бар. Тарихи-мәдени нысандарына өткен жылы  85 579 турист келген. Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға беріледі. Айта кетейік, демеушілер есебінен 97 млн.теңгеге Жүсіп ата кесенесінің айналасына абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізілді,- деді аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы.

Аудан басшысы өңірдегі құрылыс саласындағы жұмыстарды да баяндады. Қазіргі таңда, ауданның әкімшілік іскерлік орталығынан 38 гектар жер бөлінген. Бұған дейін Аудандық әкімшілік пен Прокуратура ғимараттары пайдалануға берілген. Қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Полиция бөлімі және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүруде. 

Loading...