Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында – 30 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ 4 ірі сауда орталықтарында (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Шапағат) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тұрақты сатылымға қойылып, 30 дүкенде әлеуметтік бұрыштар жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін 20 әлеуметтік дүкен құрылысы салынып, жалпы санын 50-ге жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Шаһарда азық-түліктерді бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемеақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Аталған дүкендер келісімді бұзған жағдайда заң аясында шара көріледі.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі және Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметкерлерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бергі көрсеткіштер бойынша 187 шағын дүкенде, 4 ірі сауда орталығында, 20 әлеуметтік дүкенге бақылау жүргізіліп, баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі