Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі, деп хабарлайды turkistan-digest.kz
Соның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Науқанның бірінші аптасы, 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» ұранымен Арыс қаласы мен ауылдарда тазалық акциясы өтуде. Оның аясында, қала ішіндегі аяқ су жүретін арық-атыз көздері аршылып тазалануда. Және орталық көшелер мен саябақтарда түнгі жарықшамдар ретке келтіріліп, шым төсемелер қырқылып ретке келтіріліп жатыр.
Бұдан бөлек, жолдағы қозғалыс пен жүргіншілерге қиындық туғызатын тал-дарақтарды күзеу, әктеу жұмыстары да қарқын алды.
Бұл жұмыстар қаланың жасыл белдеуге айналып, халықтың денсаулығын жақсартып, ауаны тазалауға оң әсер етері сөзсіз.