Түркістан: "Таза Қазақстан" экологиялық акциясында ордабасылықтар белсенді атсалысуда

3000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызмет

Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды turkistan-digest.kz

Арнайы белгіленген аумақтарда тазалау жұмыстарымен қатар, 3000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. 

Сондай-ақ, Қарабастау ауылының азаматы Нұрзат Ортайдың демеушілігімен көшет егілген аумақ толық қоршауға алынды. Тұрғындар ауылды тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде атсалысып жатыр.

 

Loading...