Бәйдібек ауданына қарасты Шақпақ елдімекенінде ұлағатты ұстаздың есімі ұлықталды, деп хабарлайды turkistan-digest.kz, aiqak.tv арнасына сүйене отырып.
Жәділ Қожамұратовтың атынан шахмат бөлмесі ашылды және шахматтан турнир өтті. 5-11 сынып оқушылары арасындағы бұл сайысқа қомақты қаржы сыйға қойылып, аудан арасында жеңімпазы анықталды.
Арыстанды Қарабас желінің өтінде орналасқан Шақпақ елді мекені. Елімізге белгілі талай азаматтардың туған жері. Аталған аймақтағы Ғани Мұратбаев мектебінде 1972-1974 жылы директор болған сосын қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс берген Жәділ Қожамұратұлы өмір жолын тек білімді ұрпақ тәрбиелеуге арнаған.
Бұл кісіні ұлағатты ұстаз деуімізге болады.Өйткені бұл кісінің сабақ берісі, бұл кісінің шәкірттерге тәрбие берісі әріптестерінің, шәкірттерінің есінде. Бүгінгі турнирге сол ағаймен әріптестері ардагер ұстаздар келіп отыр",- деп айтты Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Қалдыбек Сапарбаев
Талай түлек түлеген Ғани Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп Бәйдібек ауданы бойынша көш ілгері көрініп жүр. Оқушылары жетістікке жетіп, сайыстардан топ жаруда.