Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы республикалық экоакция аясындағы «Жасыл аймақ» апталығына өз үлестерін қосты, деп хабарлайды turkistan-digest.kz, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында театр ғимаратының ауласы шөптерден тазартылып, көшеттер отырғызылды. Одан бөлек, көгалдандыру шаралары жүргізілді. Бүгінде облыстағы мәдениет мекемелері мен аудан-қалалардағы бөлімдер тарапынан түрлі тазалық шаралары ұйымдастырылуда.
Айта кетсек, «Жасыл аймақ» апталығы 22-27 сәуір аралығында жүргізіледі. Сонымен қатар, алдағы апталарда 27 сәуірден 4 мамырға дейін - «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.