Түркістан қаласында жыл басынан бері 6109 жаңа жұмыс орны ашылған

Облыс орталығында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың түрлі жобалары жүзеге асып келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биылғы жылғы жоспарда шаһарда 6899 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Жоспар жүзеге асырылғалы орталықта 6109 жаңа жұмыс орны ашылып үлгерген, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.

Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек, қаладағы әлеуметтік белсенді тұрғындар саны – 78 171 жетсе, ал жұмыссыз тұрғындар саны – 3800 құраған. Сондай-ақ мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында жүйелі жоспарлар түзіліп, межелер қойылды. 

Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында жастар практикасымен 490 азамат жұмысқа жолданса, әлеуметтік жұмыс орнына 173 тұрғын, тұрақты жұмыс орнына 3551 адам орналасты. Ал жыл басында қойылған межелердің бірқатары артығымен жүзеге асты. 

Атап айтқанда 1231 азамат қоғамдық жұмыс орнына (жоспарда 1000), 102 адам алғашқы жұмыс орнына (жоспарда 90), 175 тұрғын күміс жас жобасымен (жоспарда 90) жұмысқа орналасты. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Loading...