Оның ішінде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 1 миллиард теңгеге 48,9 шақырымды құрайтын 55 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда 42 көшеге асфальт төселді. Сол секілді облыстық бюджеттен 21,5 миллион теңгеге ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын 1 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобада асфальт төсеумен қатар, ойын алаңшасын салу жұмыстары да қаралған, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен құны 294,9 миллион теңгеге ұзындығы 14,6 шақырымды құрайтын 18 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 30 миллион теңгеге 8 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, 2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 22,3 пайызды ғана құрайтын немесе 115 шақырым ғана жолдар асфальтталған болатын. 5 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 78,5 пайызға жетіп, яғни асфальтталған жолдардың ұзындығы 435 шақырымды құрады.
Жалпы 5 жылдың ішінде 319 ішкі көшеге асфальт түскен. Оның ішінде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 2,7 миллиард теңгеге 117 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі