Түркістан: Қазығұртта «Ел тірегі»  атты кездесу кеші өтті

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округі Қызылсеңгір елді мекенінде «Ел тірегі» атты жауынгерлік кездесу кеші өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған шараны «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалы 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.

Іс-шараға «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы төрағасы Исмаил Аманқұлов, Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Айтубай Райымбай мен бірлестік мүшелері, Қазығұрт аудандық Қорғаныс істер бөлімі басшысының орынбасары, майор Бағлан Бөрібай, Қақпақ шекара заставасының командирі, капитан Заманбек Достемір және аудан жастары қатысты. 

Жауынгерлік кеш барысында «Мұрагер» ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшелері өздерінің бастарынан өткен оқиғаларды, өмірлік тәжірибелерін жастарға баяндап, жаңадан әскерден оралған жас сарбаздарды шақыртып, олардың аналарына құрмет көрсетіп, ел қорғаушы азамат тәрбиелеп өсіргені үшін ынталандыру ретінде арнайы медаль табыстады. Сондай-ақ жас буын өкілдерімен сұрақ жауап ұйымдастырылып, шекара күзетінде тұрған әскерлер қару-жарақтың түрлерімен таныстырды.

Айта кетейік, «Мұрагер» бейбітшілік шартты әскери күштері» республикалық қоғамдық бірлестігі осыдан 2 жыл бұрын құрылған. Атаулы бірлестік Кеңес Одағы кезінде «Варшава» келісімшарты негізінде шет елдерде, оның ішінде: Ветьнам, Венгрия, Германия, Польша, Чехославакия, Куба, Монғолия елдерінде интернационалдық борышын өтеген жауынгер ардагерлерден құралған. Бүгінгі күні республикалық бірлестіктің құрамында 4 мыңнан астам мүше бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Loading...