Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталған. Облыстың бас ауруханасын 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында облыста 4 аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Сондай-ақ, Сарыағаш пен Жетісай аудандық орталық ауруханалары биыл жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Сайрам ауданындағы медициналық нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады. Бұдан бөлек, күрделі жөндеуден өткен барлық медициналық мекемелер материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 49 жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын салу жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі