Ордабасылық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқан

«Ана көрген тон пішер» дегендей, ол бала кезден тігіншілікті анасынан үйренген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Темірлан ауылының тұрғыны Ләйлә Әбдімәжитқызы бала тәрбиесімен қатар кәсіпкерлікті де қатар алып келеді,- деп хабарлайды Turkistan-digest.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында арнайы оқуын тәмамдап, сертификат алған. 2020 жылы бизнес жобасын қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Ал 2022 жылы «Айша» тігін шеберханасын ашып, қазіргі таңда 4 ауыл тұрғынан жұмыспен қамтып отыр.

Тапсырыстың көптігіне байланысты Ләйлә Әбдімәжитқызы алдағы уақытта кәсібін үлкейтуді жоспарлап отыр. «Айша» тігін шеберханасында қыз жасауы, әшекей бұйымдар, тойбастар заттар жетерлік. Қолдан тігілген бұйымдар мен үйдің төсеме жабдықтарының сапасы өте жоғары болғандықтан тапсырыс та көп көрінеді.

Loading...