«Бастау бизнес» - талай кәсіпке бастау болып тұр

Жан-жақты көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаулардың арқасында азаматтар жаңа кәсіп ашып, табысын арттыруда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Ордабасы ауданында кәсіпкерлік саласында оң серпін байқалады,- деп хабарлайды Turkistan-digest.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  
Мәселен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсібін бастағандардың қатарында Темірлан ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Алтынай Пашанқызы да бар.

Кәсіпкер 2019 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кондитер оқуын оқып, сертификат алған. Кейін бизнес жобасын қорғап, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алған. Нәтижесінде «Altynai» кондитерлік цехін ашып, қазіргі таңда 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

- Тәтті тағамдар пісіру арманым еді. Арманына қол жеткіздім, ол үшін көп тер төктім. Дегенмен адам армандай білу керек, армандап қана қоймай соған жету үшін әрекет ету керек, - дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар, Алтынай Пашанқызы үйінде бала күтімімен отырған аналарды және кәсіпке қызығушылығы бар қыз-келіншектерді үйретіп, кәсіп ашуға мастер класстар өткізіп тұрады. Алдағы уақытта Алтынай кәсібінің аясын кеңейтуді жоспарлап отырған көрінеді. 

Loading...