Түркістандық тракторларға сұраныс жоғары

2021 жылдан бастап қытайлық компаниямен бірлесіп, қосалқы бөлшек алып трактор құрастырумен айналысатын өндіріс орны бүгінде ауыл шаруашылығы саласында танылып үлгерген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары,- деп хабарлайды Turkistan-digest.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

«KAZKIOTI» ЖШС қазіргі таңда Түркістан облысына ғана емес, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал мен Ақтөбе қалаларына тракторларын жөнелтуде.

Зауытта 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Серіктестік жылына 600 дана трактор құрастырады. Аталған компания өнімін аламын деушілерге көрсетілер мемлекеттік қолдау да бар. Яғни, тракторды сатып алған азаматтарға 30%-дық субсидия беріледі.

Заман талабына сай құрастырылып жатқан тракторлар шаруалар үшін таптырмас көлік. Көктем, жаз және күз айларында жұмысы қыза түсетін ауыл шаруашылығы саласының мамандары үшін трактордың дыбыс оқшаулау жүйесі, жайлы орындығы мен желдеткіші бар екен. 

Kazkioti зауыты 2016 жылы салынған. Қызметінің негізгі бағыты: Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасы мен автобустарын өндіру.

Зауыт өндірістік операцияларды оңтайландыру үшін тракторларды құрастыруға қажетті барлық заттармен толық жабдықталған-конвейер желісі лак-бояу желісіне параллель орналасқан білікті персонал және ноу-хауы бар жабдықтар, тракторды құрастыруды тиімдірек етуге көмектеседі

Зауыт елдің ең көп қоныстанған аймағында, ең көп шаруа қожалықтары орналасқан аймақтарға салынды.

Облыста инфрақұрылым жақсы дамыған. Облыс бойынша елдің басты магистралі – Батыс Қытай – Батыс Еуропа және негізгі теміржолдар өтеді, бұл бизнестің өсуіне оң әсер етеді.

Loading...