Нәтижесінде, аудан әкіміне, облыстық басқарма басшысына, 2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына жалпы 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Turkistan-digest.kz.
Олар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа заңмен талап етілетін декларацияларсыз қабылдаған.
Мемлекеттік қызметке кірген кезде қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында декларация тапсыру міндетті шарт болып табылады.
Заң бұзған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген бұзушылықтарды жасағандарын мойындап, санкцияда көрсетілген айыппұлды 50% мөлшерінде төлеуге келісті.